- Advertisement -

Eнді eGov.kz-те жәрдемақы рәсімдеуге қажетті шотты автоматты түрде алуға болады

38

- Advertisement -

Жүйе қолжетімді шоттарды өтініш берушінің ЖСН-і бойынша алады, ал бұл шот нөмірін қате енгізу мүмкіндігін болдырмайды

Енді азаматтар eGov.kz порталында әлеуметтік төлемді, жәрдемақы мен зейнетақыны рәсімдеуге қажетті арнайы шотты алу кезінде 20 таңбалы шот нөмірін (IBAN) қолмен енгізбейді.

 

«Енді eGov.kz порталында әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақыларды және зейнетақыларды рәсімдеу үшін өтініш берген кезде 20 таңбалы шот нөмірін (IBAN) қолмен енгізудің қажеттілігі болмайды. Жүйе қолжетімді шоттарды өтініш берушінің ЖСН-і бойынша алады, ал бұл шот нөмірін қате енгізу мүмкіндігін болдырмайды», — делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарламасында.

 

Жәрдемақы алу үшін арнайы шотты еліміздің үш банкінде ашуға болады: Halyk Bank, Kaspi.kz және «Банк ЦентрКредит» АҚ.

Бұл функция еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің келесі әлеуметтік мемлекеттік қызметтерінде қолжетімді:

 

1.Бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау;

2.Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;

3.Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау;

4.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;

5.Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау;

6.Көпбалалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

7.Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support