- Advertisement -

БҰҰ жасақ әзірлеп жатыр

52

- Advertisement -

БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқармасы Мариупольдағы «Азовсталь» зауытының аумағынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялайтын жасақты әзірлеп жатыр.

ТАСС БҰҰ Бас хатшысының өкілі Фархан Хактың сөзін келтіре отырып, операцияға дайындық бірнеше күнді алуы мүмкін екенін хабарлайды.

Хак арнайы жасақ эвакуацияны үйлестіретінін, басқарма оны әлі де дайындап жатқанын түсіндірді. Тараптар қауіпсіз эвакуациялауды бастау үшін әлі де қажетті жағдай жасап жоқ, деп атап өтті Хак. Осы мәселе бойынша Мәскеу және Киевпен әлі де байланысып, талқылау жүргізіліп жатқаны да атап өтіледі.

Біз Ресей мен Украина билігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз, тезірек алға жылжу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Белгілі бір әскери қызмет жүргізіліп жатқан. Оның тоқтағанына алдымен көз жеткізіп алуымыз керек, – дейді БҰҰ Бас хатшысының өкілі Фархан Хак

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш күні кеше Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Диалог барысында Ресей басшысы Мариупольдегі ұрыс аяқталғанын, қаладағы жағдай күрделі екенін атап өтті. Ол Гутерришке жұмыс істемейтін гуманитарлық дәліздер туралы ақпараттың жаңсақ екенін, бүгінгі күндері олардың жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support