Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

9

Синоптиктердің болжауынша, бүгін республика аумағының басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің тек батыс жартысында, қиыр солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Барлық өңірде екпінді жел тұрады, оңтүстікте онымен бірге шаңды дауыл болады.

Атап айтқанда, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күндіз желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 23-28 м/с артатыны болжанады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батыста, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында желдің екпіні 23 м/с артады. Күндіз өңірдің орталығында шаңды дауыл күтіледі.

Алматы облысының солтүстік-шығысында желдің күші 25 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 23 м/с күшеюі ықтимал.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі болжанады.

baq.kz

 

Comments are closed.