- Advertisement -

«Aq jol»-дың жасын берсін!

38

- Advertisement -

«Жақсы қария белгісі – жанып бір тұрған шам болар» демекші, көңіл сарайы кең адамның сөзі де, өзі де бөлек қой. Олардың қатарына өңірімізге есімі белгілі, сыйлы, кезінде аудан басқарып, абыройға бөленген Қасымхан Төлендиев ағамызды қосуға болады.

Қасымхан Естемесұлы жақында өзінің «Фейсбук» парақшасына: «Бүгін ораза айының қасиетті жұма күні, сүйікті «Aq jol» газетінің 100 жылдығы қарсаңында, оның тұрақты оқырманы ретінде ырым
жасап: «Aq jol»-ға жазылсаң, 100 жасқа жетесің!» деген ұран тастадым. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтылмайды. Бүгінде облысымыздың бас газеті мұндай қолдауды қажет етпесе де, өзім жақсы ырым болсын деп, өзіме-өзім өмір бойы «Aq jol»-ға жазылып тұрам деп сөз бердім. Қолдағандардың да, қолдамағандардың да ниеттері қабыл болсын! «Aq jol»-ға жазылғандардың жолы Ақ болсын, жасы 100-ге жетсін!Әмин!», – деген әдемі жылы жазба жариялады.

Кім біледі, талай тектілердің табаны тиіп, талай майталмандар терін төккен қара шаңырақ емес пе? Қасымхан ағамыздың тілегі періштенің құлағына шалынып, ғасыр жасап жатсаңыздар әжеп емес пе? Ол үшін жыл сайын «Aq jol»-ға жазылып тұрсаңыздар болғаны. Біз Қасымхан Төлендиевтің осы ғажайып бастамасына рақметімізді айта отырып, көпшілік оқырмандарды облыс баспасөзінің қара шаңырағы, облыс айнасы «Aq jol» газетіне жаппай жазылуға шақырамыз.

Баршаға сөзімен де, ісімен де, руханиятты қолдаған жігерімен де үлгі болған Қ.Төлендиев
ағамызға көргеніңіз қызық болсын, 100 жасаған газетті қолдап, 100 жасқа сергек жетіңіз. «Руханият дариясы, ізгілік жария ісі, осындай болу керек, Қазақтың қариясы», – деп тілек айтқымыз келеді.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support