- Advertisement -

Тиімді жобалар оқу үрдісіне серпін әкелді

54

- Advertisement -

Білім мазмұны жыл санап жаңғыруда. Озық тəжірибелер де мектептерге батыл енгізілу үстінде. Осы жаңалықтан Тараз қаласындағы №8 Төле би атындағы мектеп-гимназиясы да тыс қалып көрген емес. Қазір аталған білім ордасы сандық сан салалы технологиялармен қатар оушының ой-өрісі мен өз ойын батыл жеткізетін жобаларды қолға алып, оны оқу бағдарламаларына енгізіп жіберді.

Бүгінде мектеп-гимназиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің TED клубы» жобасы аясында жұмыс істеуде. Бұл жаңа бастама болғанымен, оның тарихы 1984 жылы АҚШ-тан бастау алады. Мəселен, Калифорнияда «Technology, Entertainment, Design» деп аталатын TED конференциясының ұйымдастырушылары «Таратуға тұратын идеялар» ұранын тастап, оның қызықты жоба екенін барынша таратуды өз міндеті ретінде айқындады. Соның бір жиынында 18 минуттан тұратын баяндама жасап әлемге танымал болған Билл Гейтс, Эл Гор және Ұлыбританияның Премьер-Министрі Гордон Браун секілді тұлғаларды атап өтуге болады. TED конференциясында таныстырылған Macintosh компьютерлері, әлемдегі ең алғашқы компакт-дискілер бүгінде біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді.

Бұл жобаны гимназияға енгізудегі басты мақсат – оқушылардың бойында ғылыми-зерттеу, әріптестік қатынастар, шешендік өнерді дамыту, алуан түрлі көзқарастар мен пікірлерге құрметті қалыптастыру болып табылады. Жобаның міндеті – қоғамда өзіндік идеясы бар шығармашыл адамдарды бір ортаға жинап, олардың ғылым-білім деңгейін қалыптастыру. Мұндағы басты ерекшеліктің бірі – дебат алаңында сахнадағы конференция спикері 20 минут уақытта өзінің идеясын жан-жақты жеткізуіге дағдылануы керек. Ойын құр сөзбен емес, басынан өткен қызықты оқиғаларымен байланыстырып, көрерменге эмоция сыйлауы шарт. Осылайша спикердің айтылған ойы адамдардың есінде оңай, əрі ұзақ сақталатыны анық.

Бұл талаптан шыға білген гимназия оқушылары талай басқосулар мен пікір-сайыс алаңдарында топ жарып жүр. Сондай-ақ қазір мектеп-гимназияда «Поэзия әлемі» атты жоба қолға алынып, үйірмелер ретінде жемісті жұмыс істеуде. Оның мақсаты да жоғарғыда айтылғандай – оқушылар арасынан шыққан жас ақындардың шығармашылығын таныту арқылы білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту. Алдыға қойылып отырған міндет, оқушылардың поэтикалық мәтіндердің идеялық-көркемдік және эстетикалық құндылықтарын айқындау. Сондай-ақ ақындық шеберліктің, тілдік бейненің ерекшеліктерін жете түсінуге баулу, сонымен бірге, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Осы бағытта бірқатар оқушылар жетістікке де жетіп жүр.

Келесі жобаның бірі – «Домбыра дастан» жобасы. Жоба аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оған әртүрлі жастағы 55 оқушы күй өнерін меңгеруде. «Елім-ай» фольклорлық ансамблі облыстық деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Жобаның аясында мектеп түлектері мен ата-аналар арасында «Мен сыйға тартқан домбыра» атты акция ұйымдастырылып, гимназияға 42 домбыра сыйға тартылды.

Гимназияда оқушыларын бұл жобаларға тарту жақсы жолға қойылған. Мектепішілік пікірсайыс турнирлерін ұйымдастыру арқылы мектеп намысын қорғайтын үздік оқушылар анықталуда. Оқушыларды мектепаралық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру, тәжірибе алмасу арқылы үздік натижелерге қол жеткізілуде.

Жалпы бұл жоба-үйірмелер оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік береді. Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Мектеп оқушылары арасында пікірсайыстың деңгейін көтеру, сын тұрғысынан ойлауын дамыту, Отанның басты құндылықтарын құрмет тұтып, мақтаныш сезімдерін қалыптастыруға бастайды. Сонымен бірге оқушылар жауапкершілігінің және танымдық қабілеттерін түрлі пікірталастар арқылы ортаға салуға мүмкіндік береді. Баланы коммуникативтілікке, сөйлеу мәдениетіне, сөз өнеріне, тұжырымды ойын дәлелдей білуге баулиды. Оқушының өзін өзі тәрбиелеуіне, өзін және өзгені бағалай білуге үйретеді.

Ақмарал АСАНБАЕВА,
Төле би атындағы
№8 мектеп-гимназиясы
«Қазақ тілі» пәнінің мұғалімі,

Нұрмұхаммед ҮСЕНБЕК,
7 «Ә» сынып оқушысы.
Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support