Әлеумет

Бүгін – Қадір түні

Бүгін – Қадір түні

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сәуір айының 27-інен 28-не қараған түн Қасиетті Қадір түні деп хабарлаған болатын. Бүгін мұсылман қауымы Қадір түнін қарсы алу үшін дәстүр бойынша мешітке жиналады. Жамағат Қадір түнінің қасиеті мен хикметіне қатысты салиқалы әңгіме құрып, уағыз-насихат тыңдайды. Имамдар көпшілік үшін Құран хатым дұғасын оқиды. Айта кетейік, осы жексенбі – оразаның соңғы күні. Ал 2 мамырда Ораза айт мерекесі басталады