- Advertisement -

ЕСКЕРТКІШТЕР –ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙНАСЫ

247

- Advertisement -

Рухани жаңғыру – тарихымызды түгендеу, өткенімізге үңілу, ой таразылау. Халқымыз үшін бірінші байлық – рухани байлық. Ол даламызда ғасырлар бойы сақталып келе жатқан құндылыққа толы, қастерлі қазынасы. Тарих бәріміз үшін қымбат, келешек ұрпақтар үшін де бағалы. Даламызда тарих болып жатқан ескерткіштер де рухани құндылығымыздың қастерлі бөлшегі. Оны біз қашанда құрметтеп, бағалай білгеніміз жөн.

Тараз – көне дәуірлердің естелігі, адамзат мәдениетінің биігінде айтарлықтай орыны бар шаһар. Екі мың жылдан астам тарихы бар қаланың қасиеті мен өсиеті де қатар өрілген.Ұлы даланың ұлағатты мәдениеті мен өнерінің негізі де осы жерден бастау алады десе де болғандай.

Осы Көне Тараз қаласындағы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы өткен тарихымызды байыптайтын, рухани мұрамызды зерделейтін және бүгінгі дамуымызды бағамдайтын аса ірі мәдени орталық.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей қорығы ҚР Үкіметінің 1998 жылдың 24 наурыздағы №256 қаулысымен қызмет атқарып келеді.

Музей-қорығы байтақ өлкеміздің мәдени мұраларын қорғау, зерттеу, насихаттау, баянды дәстүрін таныстыру, көнені көздің қарашығындай сақтау және қазіргі құндылықтарды қастерлеу арқылы көне түркі тайпаларының төл мәдениетін әлемге танымал ету міндеті жүктелген.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық қарамағында тас ғасырынан бастап бүгінгі күнге дейінгі әртүрлі тарихи кезеңдерде тұрғызылған қала ішінде де облыс аумағында орналасқан республикалық маңызы бар 30 тарихи және мәдени ескерткіш бар. Облыс аумағында орналасқан ортағасырлық 5 ірі қала Ақтөбе-Баласағұн, Құлан, Өрнек, Қөстөбе, Ақыртас сарай кешені 2014 жылдан бастап Бүкіләлемдік мұралар тізімінің қатарында.

Сонымен қатар тасын түртсең тарихынан сыр шертетін киелі шаһарымыздың ХІ-ХІІ ғасырларымен мерзімделетін сәулет өнерінің үздік нұсқасы, діни ескерткіштеріміздің бірден бір бірегейі «Айша бибі», «Қарахан» және «Тектұрмас» кесенесі музей-қорығына қарасты нысандар тізімінде.

Музей ғылыми-зерттеу қызметімен және мәдени ағарту ісімен де айналысады. 2011 жылдан бастап «Көне Тараз» қалашығының аумағында ғылыми-зерттеулер барысында қыштан, металдан, шыныдан жасалған бірегей 4000 мыңнан астам жәдігер табылды. «Жамбыл облысы бойынша Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері» кітабы, балаларға арналған «Киелі Әулиеата жерінің аңыздары», «Зергер көмбесі», «Қыш бұйымдары» кітапшасы жарық көрді. Жасөспірімдер арасында музей-қорығы балалардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында да тиісті іс-шараларды үздіксіз жүргізіп келеді. Біздің мақсатымыз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеу.

Археологиялық экспонаттардан құралған көрмелер, болашақ жас зерттеушілер арасында түрлі дәрістер, экскурсия мен үйірмелер сериясы, аймақтағы тарихи нысандарды қорғау мен дұрыс пайдалану тақырыбында ғылыми-зерттеу мақалалары, бүгінгі заман талабына сай музейдің Instagram, Facebook, YouTube әлеуметтік желілеріндегі ресми п арақшаларын да танымдық посттар, түсіндірме бейн ематери алдар мен фоторепортаждар тізбегін жариялауды кеңінен қолға алған. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орны білімгерлеріне тақырыптық, танымдық бейне айдарлар мен дәрістер оқылды. Болашақ білімді жастардың қолында десек, қорық-музейде өтіп жатқан сабақтар оқушы бойына мәдени білімді қалыптастыруға қосар үлесі зор.

Сон ымен қатар ата-бабаларымыздың қол еңбегінен туындаған, мәдениетіміздің асыл бөлшегі болған ел арасында  елеусіз жатқан ескілік заттарды, көне жәдігерлерді кәсіби тұрғыда сақтап қалу, ел игілігіне жарату, топтастыру мақсатында «Музейге сый тарту» акциясы жарияланып тұрады.

8 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен және бұл күн 1984 жылдан бері атап өтілуде. Айтулы күнге орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында «Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы рөлі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясын ұйымдастырды. Конференцияның негізгі мақсаты – Шығыс пен Батыстың Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде бір-біріне ұқсамайтын мәдениеттердің өзара тоғысып, сабақтасып жатуына ыңғайлы жағдай туғызған, адамзаттың ыждаһаттылықпен қастерлеп, сақтаған құндылықтарын насихаттау.

Аталған жиынға Түркия Республикасы, Өзбекстан, Қырғыз мемлекеті, Ресей Федерациясының ғалымдары, отандық тарихшы, ғалымдар, археолог тар шақырылды. Конференция онлайн және оффлайн форматта өткізілді.

Халық тарихы мен өнерін қамтитын талай замандардың тірі куәлары, ұзақ ғасырлар бойындағы тірлік-тынысының айқын көрінісі, салт-дәстүрлердің жарқын іздері болып табылатын құнды жәдігерлерден жинақталған «Ұлы Жібек жолы мұралары» атты көрмеден конференция бастау алды.

Отырысты модератор «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Нұрлан Бықыбаев ашып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Тарихи-мәдени мұра басқармасының» бас сарапшысы Азамат Джолаевқа сөз берілді. А.Нұржауұлы Халықаралық жиынға қатысушыларға сәттілік тілей отырып, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалардың әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, орыны мен рөлі ерекше екенін атап өтті. Өз кезегінде музей-қорық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Алимжанова Ғалия мекемемізге қарасты тарихи нысандарымыз туралы мағлұмат бере отырып, атқарылып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар туралы айтып кетті.

Конференция барысында Бахыт Оразымбетованың «Шелк и специи Великого Шелкового пути в современном контексте» тақырыбындағы баяндамасы дәмдеуіштер қосылған арнайы шай рәсімімен бірге ерекше үйлесімділік тапты.

Конференция барысында қатысушылар Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің насихатталуы, ортағасырлық нумизматика, антропология мен археологиядағы жаңа ғылыми-зерттеулер, көпжылдық қазба жұмыстарының нәтижелерінің мәселелері туралы сөз қозғады. Сонымен қатар Түркия Республикасы, Анкара университетінің «Тіл және тарих-география факультетінің» меңгеруші профессоры Абдулла Гүндогду Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағын «Түркі Жолы» деп атасақ деген ұсынысы қатысушыларға үлкен ой салды.

Жиынға қатысушылар музей-қорығына алғыс білдіре отырып, мұндай басқосулардың нәтижесі ғылыми жаңалықтардың бастамасы болатындығын айтып кетті.

Туған жеріміздің рухани және құнды мұраларын көздің қарашығындай сақтау, жастардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру жолында ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді насихаттау музей қызметкерлерінің негізгі міндеті. Ескерткіштер – елдігіміздің айнасы.

Ләйлә ТІЛЕПАЛДИЕВА,
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени
музей-қорығының
ғылыми қызметкері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support