Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып
Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып
Жалпы дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу ежелден бар. Әр жастағы адамдар тобына байланысты ереже мынадай: жасы үлкенге сөзсіз бағыну, ізет, құрмет көрсету. Мұның өзі алдыңғы буын ағалардың жастар алдындағы жауапкершілігін, қамқорлығын қамтамасыз етеді. Үлкендер мен кішілердің арасындағы қарым-қатынастың қыр-сыры тек жастар мен ересектердің арасында ғана емес, оның әр тобының өз ішінде де қалыптасқан. «Үлкен», «Кіші» деген тәрбиелік жүйенің айқын белгіленген өзіндік құндылықтары бар. Жеке тұлғаның бағалану дәрежесі ең алдымен оның жасына қарайды. Өзара қарым-қатынастың қағидасын солар қалыптастырады. Бүгінгі заман талабына сай жас ұрпақты осындай тұлға етіп тəрбиелеуде шебер ұстаз-жетекшінің атқарар жүгі мол екендігі даусыз. Əрине, бұл жолда ұстаз үшін тəлім-тəрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тəрбие бағдарламалары мен тəрбие құралдарын қолдану негізгі басымдыққа ие болатыны анық. Бұл бізге ауадай қажет қасиеттердің бірі. Ел болудың басты шартының бірі де осында. Ел болу — болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық екендігі айтылды. Кездесу жиынын қорыта келе, ардагерлер ұйымы жас ұстаздар өздерінің өмірлік тәжірибелерін бөлісуден ешқашан жалықпайтынын, мектеппен қарым-қатынасы бұдан әрі нығая беретінін айтты.
Айтолқын КЕНЖЕБЕКОВА