- Advertisement -

ADAL мен AMANAT саяси партиялары қосылды

56

- Advertisement -

ADAL партиясының бастамасын қолдап, AMANAT-пен біріккен жөн деп санаймын. Бұл туралы AMANAT партиясының съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Жаңа Қазақстанды құрамыз десек – елге жанашыр, қоғамдық саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан ADAL партиясының бастамасын қолдап, онымен біріккен жөн деп санаймын. ADAL — өз жақтастары бар, қалыптасқан партия. Саяси бәсеке артып келе жатқан қазіргі кезеңде мұның айрықша мәні зор. Осы маңызды қадам AMANAT партиясын жаңғыртып, күшейте түсуге септігін тигізеді деп ойлаймын», — деді Мемлекет басшысы.

Съезд барысында делегаттар «ADAL» партиясының AMANAT-қа қосылуын дауысқа қойып, қолдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде Президенттің өкілеттігі тоқтады. Президент AMANAT партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды.

Биыл наурыз айында «ADAL» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали партияның AMANAT-қа қосылу шешімін түсіндірді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support