Мамырда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін?

48

Қазгидромет синоптиктері мамырда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Статистикалық болжамға сәйкес, мамыр айында Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады деп күтіліп отыр.

Орташа құрғақшылық:

Ақтөбе облысы: Әйтеке би және Хромтау аудандарында;
Қостанай облысы: Жангелді ауданында;
Қызылорда облысы: Қазалы ауданында;
Маңғыстау облысы: Маңғыстау ауданында.

«Орташа ылғалды жағдайлар негізінен, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстігінде болады», — делінген хабарламада.

tengrinews.kz

Comments are closed.