Әлішер Ерғали еркін күрестен Моңғолиядағы Азия чемпионатында бақ сынайды

22

125 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әлішер Ерғали де құрлық біріншілігінің алтынын сарапқа салады. Жартылай финалда оңтүстіккореялық балуан Йехён Чоннан мықты болды.

Айта кетейік, 19-24 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен Азия біріншілігі өтеді. Аталған сынға қатысатын еркін күрес шеберлері анықталды.

Бүгін үш қазақстандық палуан финалға жолдама алды. 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда қырғыз балуаны Исламбек Орозбековты 15:8 есебімен ұтты.

Финалда Қайпанов ирандық спортшы Йонес Алиакбар Мамичогаеймен кездеседі. Бас жүлде үшін жекпе-жекте Әлішер Ерғали ирандық Ядолла Мохаммадказем Мохебимен белдеседі.

Финалға жолдаманы Азамат Дәулетбеков те (86 келіге дейін) алды. Ол 1/2 финалда қырғызстандық Саяқбай Юсуповты мерзімінен бұрын ұтты.

Есеп – 10:0. Финалда қазақ палуаны енді үндістандық Дипак Пуниямен кездеседі. Сондай-ақ екі жерлесіміз турнирдің қола жүлделері үшін таласады. Акбар Құрбанов (61 келіге дейін) Әлібег Әлібеговпен (Бахрейн) кездеседі.

Ал Әділет Давлумбаев (92 келіге дейін) жапондық Такума Отсуға қарсы шығады.

Comments are closed.