- Advertisement -

Жағдайды бақылауда ұстауы тиіс

43

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму жоспары қаралды.

Басқосуда баяндама жасаған аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев ағымдағы жылдың үш айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы өсім 2,8 пайызға, құрылыстағы өсім 38,5 пайызға жеткенін атап өтті. Пайдалануға берілген тұрғын үй 3,1 пайызға артқан. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 285,9 миллион теңгеге 16 жобаны іске асыру жоспарлануда. Аудандағы 14 елді мекенге газ тарту жұмыстары жүргізілмек.
2021-2025 жылдары өнеркәсіп саласында 14 жобаны іске асыру жоспарланған, соның негізінде 2700 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Олардың арасында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС химиялық кешенінің, «Qazaq Soda» ЖШС кальцийленген сода өндіру зауытының құрылысы және басқалары бар.

1 наурыздағы жағдай бойынша ауданда 739 шаруа қожалығы жұмыс істейді. 2025 жылға дейін аграршылар мал басын 308,3 мыңға дейін жеткізуді көздеп отыр, биыл аудандағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы – 24 129 гектарды құрады.

Өткен жылы ауданда бос жатқан 44,6 мың гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, үш жыл ішінде жайылымдардың ауданын 13 мың гектарға ұлғайту, ауылдық округтерге 5 мың гектардан бекітіп беру, елді мекендерден бес шақырым радиуста орналасқан жайылымдарды қайтару бойынша жұмыстар атқару және 8 мың гектар жайылым жерлерін ауылдық округтердің теңгеріміне беру жоспарлануда.

– Бағаның өсуін тежеу мақсатында барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша бағалардың тұрақты мониторингі жүргізілуде. Жыл басынан бері 16 жәрмеңке өткізіліп, онда сарысулықтарға 29,4 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы тауарлары сатылды. Әлеуметтік дүкендерге 106,1 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді, – деді М.Сұлтанғалиев.

Азаматтардың табысын арттыру бойынша пилоттық жоба аясында 1000-ға жуық аула қамтылды. Жобаның арқасында жұмыссыз азаматтардың саны 6,3 пайызға азайып, жеке кәсіпкерлердің саны 8,6 пайызға артты.

Ауданда 3600 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, олардың 78,7 пайызы жұмыс істеп тұр. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу көзделуде.

– Әрбір субъект бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізіңіздер. Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау шараларын ұйымдастыру қажет, – деді облыс әкімі.

Нұржан Нұржігітов аудан әкімдігінің жұмысын сынға алып, облыстық басқармалармен мәселелерді шешу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілмейтінін атап өтті.

– Ауданды дамыту жоспарында үш жыл ішінде жүзеге асатын барлық жобалар нақты жазылуы тиіс. Бұл бағытта аудан әкімдігі салалық басқармалармен өзара тығыз байланыста болуы маңызды, – деді аймақ басшысы.

Аудан басшылығына жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру, бюджеттен тыс қаражат көздерін тарту, агроқұрылымдарға қолдау көрсету бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жүргізу тапсырылды.

Ауылдық округ әкімдеріне де үлкен жауапкершілік жүктеледі.

– Ауыл әкімдері жағдайды бақылауда ұстауы тиіс. Олардың негізгі міндеті – әлеуметтік мәселелерді шешу, инвестициялар көлемін ұлғайту, жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдау, шаруа қожалықтарына мемлекеттен қолдау алу үшін көмек көрсету, – деп талап етті облыс әкімі.
Жиын соңында Нұржан Нұржігітов облыстық басқармалар мен аудан әкімдігіне мәліметтерді нақтылауды тапсырды. Бұл мәселе аймақ басшысының төрағалығымен өтетін жиында тағы да қаралатын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support