- Advertisement -

Махаббат маусымы

75

- Advertisement -

Бұл маусым – махаббат маусымы!
Даусымды естісін тау шыңы
Үзбесін үнімді  жел – уақыт,
Найзағай, жаңбырдың тарсылы.
Бұл маусым – махаббат маусымы!

Жайнасын дүниенің бар гүлі,
Аспанның үдесін жарқылы.
Жүрегімді сеземін соғатын,
Тек сізді сүюім арқылы.

Бұл ғасыр – сезімнің ғасыры
Дәуірдің жомарт та хас ұлы!
Сіз мені бақытты етуге
Дүниеге келгенсіз асылы.

Жер-жаһан құлпырған лебімнен,
Нұр жауған, гүл жауған көгімнен.
Бақыттың балқимын бағында,
Бұл өмір біздерге берілген!!!

Жұлдыз Бейсекова.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support