- Advertisement -

Мәулен Әшімбаев 10 сотық жер берудегі меселе туралы айтты

151

- Advertisement -

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев 10 сотық жер беру туралы айтты.

«Жалпы, берген жоқпын (10 сотық жер алуға өтініш — еск.). Бұл азаматтардың құқығы, мәселе Қазақстанда жер жоқтығында емес қой, мұнда азаматтарға да дұрыс түсіндіру керек. Біз байтақ елміз, жеріміз жеткілікті, 10 сотық жерді қазақ азаматтарына үлестіруге болады. Менің ойымша, бұған кезең-кезеңімен келеміз, бірақ мәселе бұл жерде байланыс болу керек екенінде, онда жолдар, жарық, су, кәріз жүйесі болуы керек», — деді Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, «байланысқа қатысты депутаттар білетін және көтеретін мәселелер бар».

«Жыл сайын коммуникация құрылысына белгілі бір қаржы бөлініп, бұл жұмыстар жалғасады. Сондықтан да бірте-бірте, кезең-кезеңімен әкімдіктер, үкімет бұл мәселені шешіп, тілек білдірген азаматтардың бәрі жекеменшік тұрғын үй құрылысына қажетті жер телімін алады деп сенеміз», — деп түсіндірді Әшімбаев.

Бұған дейін жер телімін алу үшін қазақстандықтар жергілікті әкімдіктерге жүгініп, кезекте тұрғандар әкімдіктерде сақталатын. Енді бұл қызмет eGov.kz порталында ашылды.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support