- Advertisement -

Қазақстан мектептерінде Жеңіс күніне арналған жиын өтпейді

545

- Advertisement -

Министрлік хабарлауынша, әскери киім мен керек-жарақтарды қолданудың, театрландырылған көріністерді қоюдың қажеті жоқ.

Қазақстан мектептерінде 7 және 9 мамырға орай линейка өткізу жоспарланбаған, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

«Мектептерде 7 және 9 мамырда атап өтілетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. 9 мамырға арналған мектеп линейкалары жоспарланып отырған жоқ», — делінген хабарламада.

Министрлік хабарлауынша, әскери киім мен керек-жарақтарды қолданудың, театрландырылған көріністерді қоюдың қажеті жоқ. Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support