Қаржы министрі: Сыртқа заңсыз шығарылған 1 млрд долларды елге қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр

12

Бұл туралы Үкімет кулуарында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.

Министр сыртқа заңсыз әкетілген 1 млрд доллар көлеміндегі қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтты.

Қаржы министрлігі тарапынан Ұлттық банкпен айтылған статистикалық ақпараттың бәрін зерттеп, сараптадық. Соның нәтижесінде Қаржылық мониторинг агенттігіне 8 іс бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына жуық заңбұзушылық деп тапқан, тәуекелі бар істерді берген болатынбыз. Олар қазір тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бас прокуратураның тарапынан 20-дан астам құқықбұзушылыққа байланысты іс қозғалған болатын. Сол қозғалған істер бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына болжанып отыр. Бірақ нақтылай ақпаратты, қай кездегі немесе немесе қандай субьектілер бойынша екенін құқық қорғау органдарынан алу керек, — деді Қаржы министрі Үкімет кулуарында.

Бұған дейін Ерұлан Жамаубаев Каспий құбыр консорциумындағы апаттан келген шығын 100-150 млрд теңге көлемінде екенін айтқан болатын.

 BAQ.KZ

Comments are closed.