- Advertisement -

425 орындық мектепте 600-ден астам бала білім алуда….

156

- Advertisement -

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов қала аумағындағы әлеуметтік және кәсіпкерлік бағыттағы нысандардың жай-күйімен танысуды бастады.

Нұржан Молдиярұлы алдымен Жангелдин көшесіндегі ұзындығы 495 метрді құрайтын былтыр жөнделген жолдың сапасын көрді. Жібек жолы көше сі арқылы қиылысып, «Тектұрмас» этнотарихи кешеніне апаратын жолдың жиегіне тротуар да салынған екен. Жолдың құрылысын «B–Grass» серіктестігі 33 миллион теңгеге жүргізіпті. Мұнда Тараз қаласының тарихи кешеніне апаратын жолдың жай-күйін жіті бақылаған облыс әкімі жауаптыларға сол маңдағы «Қарасу» каналын тазартуды тапсырды.

Келесі кезекте облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған топ М.Мәметова атындағы №27 орта мектепке ат ізін салды. Іргетасы осыдан шамамен 80 жыл бұрын қаланған білім ордасының ғимараты бүгінде ескіріп, тозығы жеткен. 425 орынға шақталған мектепте 600-ден астам оқушы екі ауысымда білім алуда. Осы ретте облыс әкімі мектептің кабинеттерін, спорт залын аралап көрді. Ал мектеп директоры Әзиза Алтынбаева мектеп салу мәселесін бұған дейін де атааналар бірнеше мәрте көтергенін облыс әкіміне ескертті. Кейбір атааналар балаларын үйден қашық орналасқан мектептерге жіберуге мәжбүр болып отыр.

Жылдан жылға оқушылар с анының артып жатқанын ескерген аймақ басшысы мектеп ұжымына бұл мәселенің шешілетінін айтып қуантты. Нұржан Молдиярұлы сол маңнан облыстық білім және құрылыс басқармаларының басшылары мен Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевқа жаңа мектеп ғимараты салынатын орынды нақтылап, құжаттарын әзірлеуді тапсырды. Аталған округтегі №34 орта мектеп те күрделі жөндеуді қажет етеді. 1969 жылы пайдалануға берілген оқу ордасында бүгінде 1000-нан астам бала білім алуда. Мектептің тыныс-тіршілігімен танысқан облыс әкімі, балалардың ас мәзірін тексеріп, мектеп директорына оқушылардың сапалы білім алуына, тәрбиесіне және құнарлы ыстық тамақпен қамтылуына баса назар аудару керектігін ескертті.

 

№10 округте жаңадан бой көтеріп жатқан №6 қалалық емхананың құрылысымен танысқан Нұржан Нұржігітов жауаптыларға жұмыстарды сапалы әрі бекітілген кестеден кешіктірмей жүргізу керектігін баса айтты. Сондайақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау саласына ауқымды қолдау білдіріліп, айрықша назар аударылып жатқанын жеткізіп, соған сәйкес халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілуге барынша көңіл бөлудің маңыздылығын еске салды.

Келесі кезекте облыс басшысы «Тараз халвасы» ЖШС мен «Пышка» ЖК-нің кондитерлік өнімдер шығару цехына барды. Өндіріс барысы, өнім түрлерімен танысқан Нұржан Молдиярұлы кәсіпорын басшыларына шикізат ретінде жергілікті өнімдерді пайдалануға, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға баса назар аудару керектігін жеткізді. Өнім көлемін ұлғайта отырып, облыс аумағындағы дүкендерді барынша қамтудың маңыздылығын атап өтті. Жұмысшылардың жалақысын арттыру, әлеуметтік қолдау мәселесін де назардан тыс қалдырмауға шақырды.

Бұдан соң А.Байтұрсынов көшесіндегі әлеуметтік дүкенде болған облыс әкімі әлеуметтік маңызы бар азықтүліктің бағасын тұрақтандыру шаралары әрдайым бақылауда болу керектігін тілге тиек етіп, жауаптыларға қадағалау шараларын үздіксіз жүргізуді жүктеді. «Айналым схемасы» бойынша жұмыстарды жүйелей түсу бойынша тапсырма берді.

Сонымен қатар Н.Нұржігітов жуырда ғана «Асарлатып үй салу» жобасымен пайдалануға берілген үйлердің тұрғындарымен кездесті. Игі жобаның шарапатын көріп отырған тұрғындар облыс әкімін қарсы алып, алғыс білдірді. Орайы келгенде аталған үйдің тұрғындары құбыры тартылғанымен,көгілдір отын әлі күнге дейін берілмегенін айтты. Сондайақ тұрғындар әкімнен ауыз су мәселесін шешіп беруді сұрады.

Аймақ басшысы қала әкіміне үйлерді газға қосу мәселесін бірер күнде түбегейлі шешуді міндеттеді. Ал жоспарға сәйкес аталған үйлер екі жылда ауыз сумен қамтылады. Мұндағы жол мәселесі де су тартылғаннан кейін ғана шешілмек. Оған дейін тұрғындар таза су тапшылығын көрмес үшін әкімдіктің жауапты басқармалары құдық қазып беруді мойнына алды.

Нұржан Молдиярұлы аталмыш үйлерге қарсы орналасқан 600 орынды №26 мектептің де құрылысымен танысты. Осы аумақтың енді санаулы жылдардың ішінде құлпырып, түрленетіні белгілі. Демек, Шалғай қарасулықтардың мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде деген сөз.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support