- Advertisement -

Діндегі қауіп — сауатсыздықтан

115

- Advertisement -

Жуырда облыстық ҚАЖ департаментінің бастығының орынбасары әділет подполковнигі Еркін Нұрбаевтың төрағалығымен «Түзеу мекемелерінде Рамазан айына діни жоралармен салт-дәстүрді ұстану және теріс ағымдағы сотталғандардың көзқарасын оңалту» тақырыбында жиын өтті. Кездесуге департаментке бағынысты мекеме басшыларының орынбасарлары мен сотталғандарды теологиялық оңалту жұмыстарына жауапты қызметкерлері қатысты.

Басқосуда департаменттің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы тобының бас маманы әділет майоры Айгүл Танашева және ЖД-158/2 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімшесінің бастығы әділет майоры Мейірғали Ракишев тақырып бойынша дәріс оқыды. Ал тақырыпты жан-жақты ашық талқылауда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті, облыс әкімдігінің дін істер басқармасы сондай-ақ «Ақниет ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы қоғамдық қорының» өкілдері белсенділік танытты.

Жиын соңында облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелердегі деструктивті діни ағым бағытын ұстанатын сотталған азаматтардың арасында «Сотталғандар арасындағы ислам тарихы, Құран оқу және өзіміздің салт дәстүр бойынша» білімін тексеру үшін викторина конкурсын өткізуге уағдаласты.

Айгүл ТАНАШЕВА,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ
департаментінің сотталғандар арасында
тәрбие және әлеуметтік психологиялық
жұмыс тобының бас маманы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support