- Advertisement -

Ресейде McDonald’s жабылды: желі мейрамханалары Қазақстанда қалай жұмыс істейді?

109

- Advertisement -

McDonald’s мейрамханалар желісінің өкілдері Ресейдегі бизнестің уақытша тоқтатылуы аясында мейрамханалар Қазақстанда қалай жұмыс істейтінін айтты.

Бұған дейін 14 наурыздан бастап бүкіл Ресейде McDonald’s мейрамханалары жұмысын уақытша тоқтататыны хабарланған болатын. Компания операциялық, техникалық және логистикалық қиындықтарға байланысты жұмыс тоқтайтынын атап өтті. Бұл ретте компания барлық 62 мың ресейлік қызметкерге жалақысы төленетінін мәлімдеген болатын.

Қазақстандағы McDonald’s желісінің өкілдерінің хабарлауынша  компания Қазақстандағы McDonald’s желісі ешбір шектеусіз әдеттегідей жұмысын жалғастырады. Франчайзинг өкілдерінің айтуынша, олар компанияның бірқалыпты жұмыс істеуіне, McDonald’s стандарттарына сай болуға және қонақтарға қызмет көрсетуге бағытталған.

Қазақстандағы McDonald’s маркетинг бөлімі Ресейден сатып алынатын кейбір өнімдерді (әңгіме котлет туралы) жеткізу жалғасып жатқанын атап өтті. Қажетті ингредиенттерді жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр, мейрамхана мәзірлері өзгертілмейді. Сонымен қатар, өндірістің бір бөлігі, мысалы, нан пісіру және көкөністерді кесу біздің елде локализацияланған. Компания кез келген өзгеріс болған жағдайда хабарлауға уәде берді.

Айта кетейік, Қазақстанда 23 McDonald’s мейрамханасы жұмыс істейді, олар 6 қалада орналасқан.

tengrinews.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support