Халықты дүрбелеңге салынбауға шақырамыз. Хатепова қант тапшылығы болмайтынына кепілдік берді

25

Бұл туралы ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директорының міндетін атқарушы Назгүл Хатепова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Ішкі нарықта қантқа деген ешқандай тапшылық жоқ. Елімізде 90 мың тонна қант қоры бар. Оның ішінде 38 мыңы тұрақтандыру қорларында, сауда нысандарында бар. Одан бөлек 47 мың тонна қан зауыттыранда, «Азық-түлік корпорациясында» 2,5 мың тонна қант бар, — деді ол.

Хатепова айтқандай, қант тапшылығы туындағаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Сол себепті себепсіз дүрбелеңге түсіп, жасанды ажиотаж туындатпауды сұраймыз. Жалпы есеппен қазір қолда бар қант көлемі есебінен және ЕЭК-пен келісімшарт аясындағы 250 мың тонна баж салығынсыз қанттың жетуі есебінен қант тапшылығы болмайтынына сендіреміз, — деді ол.

Назгүл Хатепова атап өткендей, сауда орталықтарының сөрелеріндегі қант өнімдері жасанды дүрбелеңнің нәтижесінде болғанын айтты.

baq.kz

Comments are closed.