- Advertisement -

Қырғызстаннан контрафактілік өнімдердің ірі партиясы ұсталды

108

- Advertisement -

Қазақстан-Қытай шекарасында бақылау күшейгеннен бері Қырғыз елінен Қазақстанға тауарлар импорты 3 есе өскені байқалады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде  хабарлады.

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасында тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан-Қытай шекарасында бақылауды күшейтті.

Сонымен қатар, Қытай өндірісінің халық тұтынатын тауарлары импортының Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына 3 есе өскені байқалады.

Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізілетін тақырыптық салықтық тексерулер шеңберінде тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілмеген, соның ішінде зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарлар, негізінен Қытай өндірісіндегі қымбат және салықты көп қажет ететін тауарлар айқындалады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 11 наурызында тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында Қырғыз Республикасынан келе жатқан жүк автокөлік құралында 2 715 бірлік брендтік тауарлар анықталды.

Аталған тауарлардың ішінде «Dior» сөмкелері, «Gucci» күртешелері, «Nike» кроссовкалары, «Dolce&Gabbana» джинсы және т. б. бар.

Аталған факті бойынша материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Жалпы, жылдың басынан бастап мемлекеттік кірістер органдары Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактілері бойынша 6 материал жіберді, оның ішінде 2 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, залал 21,7 млн. теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР ҚМ МКК Қырғызстаннан таңбалары жоқ тондарды әкелу кезінде ұсталғаны туралы хабарланған болатын.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support