«Дикий Арман» мен оның тобының 14 мүшесі қамауда — Бас прокуратура

21

Қаңтар оқиғасы бойынша 35 мыңға жуық жедел-тергеу әрекеті жүргізілді.

Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов Мәжілісте айтты. Оның сөзінше, барлық орган бойынша қамауға алынғандар саны — 766.

Мысалы, қамауда Жұмагелдиев, яғни «Дикий Арман» мен оның тобының 14 мүшесі бар.

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы 4 бағытты пысықтап жатыр.

Алматы қаласында ҰҚКД-ның алты қызметкері «Дикий Арман»қылмыстық тобы ұрлап кеткен 24 азаматқа азаптаулар қолданды деген күдікке ілінді. Нәтижесінде, барлық жәбірленуші  дене жарақатын алып, бір адам қайтыс болды. Алматы облысы ҰҚКД-ның тағы екі қызметкері бұрын уақытша ұстау изоляторында ұсталған адамды ұрып-соғып, одан қайтыс болды деген күдікке ілінді.
Тергеу жалғасып жатыр.

tengrinews.kz

Comments are closed.