- Advertisement -

Түрікменстанда мерзімінен бұрынғы президент сайлауы өтіп жатыр

153

- Advertisement -

Түрікменстанда бүгін сағат 07.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08.00-де) мерзімінен бұрынғы президенттік сайлауда дауыс беру үшін 2577 сайлау учаскесі ашылды.

Дауыс беру Түркіменстанның шет елдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелерінде ашылған 41 сайлау учаскесінде де өтіп жатыр. Мұнда ол жергілікті уақыты бойынша 07.00-ден 19.00-ге дейін жалғасады.

Түркменстандағы ең жоғары мемлекеттік лауазымға елде тіркелген үш саяси партия және бір топ адам ұсынған тоғыз кандидат үміткер болып отыр.

Олар қазіргі президенттің ұлы, вице-премьер Сердар Бердімұхамедов, Марый облысы әкімшілігі басшысының орынбасары Агджан Бекмырадов, «Аваза» санаторийінің бас дәрігері Бердімаммет Гурбанов, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бастығы Мақсатмырат Овезгелдиев, «Жаңартылатын энергия көздері» ғылыми-өндірістік орталығының директоры Какагелди Сарыев, қаржы-экономикалық мектебінің директоры Перхат Бегенджов, «Вепалы гурлушык» шаруашылық қоғамының директоры Бабамырат Мередов, Түрікмен мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Хыдыр Нуннаев және демократиялық партияның аудандық комитетінің төрағасы Мақсат Одешов.

Түрікменстанның заңнамасы сайлаушыларға шек қоймайды.

Түркіменстанның сайлау кодексіне сәйкес, Ортсайлауком сайлаудан кейінгі жетінші күннен кешіктірмей қорытынды шығарады, хаттама жасайды және нәтижелерін жариялайды. Сайлаушылардың жартысынан көбі дауысты кімге берсе, сол кандидат президент болып жарияланады.

Түркіменстан президенті болып елдің аумағында дүниеге келген, кемінде 40 жаста, мемлекеттік тілді меңгерген, алдыңғы 15 жыл ішінде елде тұрақты тұрып, жұмыс істейтін елдің азаматы сайлана алады. Түркіменстан президентін ел халқы жеті жыл мерзімге сайлайды және ол ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. Елдің жаңа президентін ұлықтау рәсімі 19 наурызда өтеді

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support