- Advertisement -

МӘСЛИХАТТАРДА ҚАЙ КЕЗДЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК КҮШЕЙЕДІ?

120

- Advertisement -

 

Партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракциялардың қызметін жандандыру туралы тапсырма берді. Президенттің айтуы бойынша, «халықтың мәслихат депутаттарына, олардың қызметіне деген сенім деңгейінің төмен екендігі байқалуда».

Яғни бүгінде сайлаушылардың мәслихат депутаттарына сенімін арттыру, халықпен «кері байланысты» нығайту, осы бағытта жұмысты кешенді және жүйелі түрде ұйымдастыру – өзекті мәселе.

Парламентте және мәслихаттарда бірнеше күшті саяси партиялар болғанда бәсекелестік күшейеді. Бәсекелестіктің басында тұратын фракциялар . Сондықтан партияның депутаттық фракциясының
жұмысын басқаша форматта ұйымдастыру қажет. Бүгінде партия фракциясының жұмысына кешенділік пен жүйелілік жетіспейді. Яғни фракция жұмысын жоспарлы тәсілден тұрақты қызмет түріне алмастыру қажет. Мысалы, бүгінде депутаттық фракция отырыстары алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес өтуде. Фракция отырыстарында негізінен Жол карталарындағы көрсеткіштер қаралады ,депутаттардың атқарған жұмыстары тыңдалады.

Фракцияның жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында жоспарлы отырыстардан тұрақты қызмет түріне алмастыру ұсынылды. Яғни жоспардан бөлек туындаған резонанстық, тұрғындарды толғандыратын тағы басқа мәселелер бойынша депутаттық салалық топтар жасақтай отырып, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету керек. Фракция жетекшісі – бас үйлестіруші ретінде қордаланған
мәселелерді дер кезінде салалық топтарға ұсынады, олар өз кезегінде жергілікті жерлерге шыға отырып, тұрғындардың пікірлерін тыңдай келе , тиісті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешім
қабылдау құқығына ие болады.

Ары қарай, депутаттық топтардың қабылдаған шешімдерінің қажеттілігіне қарай мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына енгізіледі. Аталған өзгерістерді фракция тура лы Ережеге енгізу қажет деп ойлаймыз. Халықтың қойған мәселелерін шешудің бір жолы – депутаттық сауалдардың саны емес , олардың нақты нәтижесі. Президенттің айтуы бойынша, фракциялар депутаттық сауалдармен шектеліп қалмай, қоғамдық талқылаулар мен ашық пікірсайыстарға баруға тиіс. Әлеуметтік желілер мен қала алаңдарындағы қоғамдық талқылауларды мәслихаттарда өткізген жөн.

Әлеуметтік желілерде блогерлердің депутаттарды белгілеп, қойып жатқан сұрақтарына қарасақ, халық әлі де мәслихат депутаттарының жұмысын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзырындағы мәселелермен шатастырады. Осы түсінбеушілікті жою мақсаты мен фракция мүшелері аудандарда көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізуді жандандыру керек.
Тағы да айта кететін мәселе . Партияның сайлауалды бағдарламасына байланысты Жол картасының
орындалуын бақылауға (мониторинг жасауға) мәслихат депутаттары тартылады. Осы жұмыста фракция мүшелері– депутаттардың құзыретін анықтайтын және мониторинг барысында пайдаланатын нақты механизм жасалмаған. Сондықтан Жол картасының орындалуын депутаттар тарапынан бақылау формальды түрде өтуде.

Соңғы сайлауда мәслихат депутаттары партиялық тізімдер бойынша сайланды. Бүгінгі күні мәслихаттарды қалыптастырудың пропорционалды жүйесінің енгізілуіне байланысты мәслихатта тікелей мүдделерін білдіретін депутаттардың нақты елді мекендердің немесе округтердің электоратына қатыстылығы жоғалды. Осыған байланысты депутаттардың сайлауалды тұғырнаманы іске
асырудағы жауапкершілігі бұлыңғыр болып қалды . Халықтың жиі қоятыны: «Біздің нақты депутатымыз кім?» деген сұрақ.

Сондықтан да Партия төрағасы съезде сөйлеген сөзінде барлық округтерде депутаттардың жауапкершілігін күшейту мақсатымен фракция мүшелерінің қатарынан кураторларды бекітуді
тапсырды.

Мәслихат депутаттарының жұмысын бағалау мақсатымен фракция мүшелерінің депутаттық қызметіне КРІ әдістемесі енгізіліп, 3 аймақта (оның ішінде Жамбыл облысы бар) пилоттық жоба жүргізілді. Енді ол механизм барлық деңгейдегі мәслихаттарда пайдаланылуда . Фракция жетекшілеріне және мәслихат хатшыларына қосымша индикаторлар мен көрсеткіштер кіргізілген. Жалпы бұл рейтинг
мәслихат депутаттарының қоғамдық және әлеуметтік белсенділігін арттыруға , олардың халық алдында
жауапкершілігін күшейтуге, депутаттың қызметін нақты бағалауға бағытталып отыр.

Президент : « Барлық деңгейдегі партия депутаттарының рейтингі алдын ала дайындалған есептерге емес, нақты істер мен азаматтардың мәселелерін шешуге негізделуі керек», – деп айтты. Сондықтан
да әр депутат атқарылған нақты жұмыс туралы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы халыққа жеткізуі керек. Бүгінгі күннің талабы осы. Себебі қазіргі таңда жас баладан қарияға дейін газет оқымайды, теледидар көрмейді, ұялы телефон арқылы әлеуметтік желілерде отырады.

Депутаттар арасында рейтингке байланысты әр түрлі пікірлер бар . «Менің жұмысымды партия емес, халық бағалау керек. Әлеуметтік желілерге ақпарат салуға уақытым жоқ. Олай болса, депутаттық мандатымды тапсырамын», – деген ойлар айтылады. Бір нәрсені ұмытпауымыз керек. Әрине, халық депутаттың жұмысына бағасын береді дегеніміз дұрыс. Бірақ сонымен қатар біздің арқайсымыз партиялық тізіммен сайландық. Яғни партия бізге сенім білдірді. Бұл сенімнің артында депутаттардың партия алдында жауапкершілігі тұр. Осыны ұмытпауымыз керек.

Махметғали САРЫБЕКОВ,
облыстық мәслихаттың
хатшысы, «Аманат»
партиясының облыстық
филиалы саяси бюро мүшесі.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support