- Advertisement -

Елімізге ресейліктер көптеп келе бастаса белгілі бір іс-шаралар қолға алына ма? СІМ жауап берді

267

- Advertisement -

Егер елімізге ресейліктер көптеп көшіп келіп жатса азаматтық алу мәселесі қиындатыла ма? Журналист сұрағына Үкімет отырысынан кейін кулуарда Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жауап берді.

«Әзірше ондай көлемді өтініштер түсіп жатыр деп айта алмаймын», — деді Сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар Мұхтар Тілеуберді министрлік Украинадағы қандастарымызды елге қайтаруға әзір екенін айтты.

«Украинада тұрып жатқан көптеген қандасымыз бар. Олар Қазақстанға эвуакуациалауға өтініш білдірсе елімізге алып келуге дайынбыз. Тиісті тапсырманы Мемлекет басышысы берген. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі жағдайда ЕуроОдақ Украина азаматтарына үлкен көмек көрсетіп жатыр. Оларға Еуропаға көшуге мүмкіндік беріп отыр. Оның ішінде визасыз, қаржылай да қолұшын беріп жатыр. Украинадағы қандастарымыз осы мүмкіндіктерді де қарастырғаны жөн«,- деді Мұхтар Тілеуберді.

baq.kz

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support