- Advertisement -

Тілеуберді Зюгановтың солтүстік аймақтарымыз туралы айтқанына қатысты пікір білдірді

44

- Advertisement -

 

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутат Геннадий Зюгановтың еліміздің  солтүстік аймақтары туралы ойына қатысты пікір білдірді.

«Ресми түрде наразылық болмайды. Біз Зюгановтың Ресей Федерациясының Коммунистік партиясының көшбасшысы екеніне сүйенеміз. Ол бүгінгі таңда Үкіметке оппозициялық партия ретінде белгілі. Өздеріңізге мәлім, оппозиция әркез биліктің ресми ұстанымынан бөлек немесе тіптен қайшы келетін пікір ұстанады», -деді Сыртқы істер министрі Үкімет отырысынан кейін кулуарда.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, Геннадий Зюгановтың айтқанын Ресейдің федерал арналарының ешқайсысы көрсетпеген.

«Президентіміздің Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресейдің Қазақстанға аумақтық талаптары жоқ екені жоғары деңгейде расталды,» — деді Мұхтар Тілеуберді.

baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support