- Advertisement -

Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында оппозиция өкілі жеңіске жетті

20

- Advertisement -

«Азаматтық күш» консервативті оппозициялық партиясының кандидаты Юн Сок Ёл президенттік сайлауда жеңіске жетіп Оңтүстік Корея президенті болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА-Новостиға сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлау 9 наурызда өтті, дауыс берген сайлаушылар саны 77,1 пайызды құрады, 44 миллионнан астам сайлаушыдан 34 миллионнан астам адам дауыс берді.

Юн Сок Ёл 48,56 пайыз дауыс жинады, ал оның негізгі қарсыласы биліктегі «Тобуро» демократия партиясының кандидаты Ли Чжэ Мён 47,83 пайыз дауыс жинап, жеңіске жете алмай қалды. Президенттік жарыста үшінші болған Сим Сан Чжон сайлаушылардың 2,37 пайыз дауысын жинаған.

©REUTERS

«Бүгінгі сайлау қорытындысы менің емес, бұл — халықтың, Ан Чхоль Су бастаған «Халық күші» партиясының жеңісі. Біз бәріміз халқымызға қызмет ету үшін бірігіп әрекет етуіміз қажет», — деді Юн Сок Ёл.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support