- Advertisement -

Меркі ауданы, Ақермен ауылы тұрғындарының мәселесіне қатысты

641

- Advertisement -

Меркі ауданы, Ақермен ауылының тұрғындары ауылдағы мал және егістік жерді өз келісімдерімен 2015 жылы «Меркі асыл тұқымды зауыты» акционерлік қоғамына өткізген. Алайда, 2021 жылы малды және жерді ауыл тұрғындарына қайтару бойынша шаруашылықтың қазіргі басшысы Барлықжан Нукеновке талап қойып, наразылық білдіруде.
Тұрғындар шаруашылыққа тиесілі жер учаскелерін осы ауыл тұрғындарына беріп, жерді жекешелендіруді сұрап отыр.
Аталған мәселе бойынша облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен жұмыс тобы құрылып, облыс әкімінің орынбасары бастаған комиссия зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
Бұдан бөлек комиссия құрамына облыстық прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті, полиция департаменті,облыс әкімдігінің тиісті басқармалары, осы салаға жауапты мекемелер, аудан әкімінің орынбасары, аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы және ауыл азаматтары енгізілген.
Қазіргі уақытта аудандық арнайы топ құрылып, малға арналған баздарды зерделеп, оны ретке келтіру бойынша шығындарды анықтау бойынша жұмыстар басталды. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары тарапынан акционерлік қоғамның басшысына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ол азамат бірнеше рет шақыртылғанымен келмеген, нәтижесінде күштеп әкелу шарасы қолданылуда.
Аудандық полиция бөлімінің арнайы тобы Алматы қаласында азамат Барлықжан Нукеновты тауып алып келу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.
Сот орындаушы тарапынан ұйымның құқықтық, қаржылық операцияларын жүргізуге тиым салынған. Аталған шаруашылықтың 92% акциялары «Агростан» ЖШС-не, ал АҚ 8% ауыл тұрғындарына тиесілі.
Ауыл тұрғындарының көтерген мәселесі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей бақылауында.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support