- Advertisement -

Ірі Агрохолдингтер құрылады

64

- Advertisement -

Әуелден шөбі шүйгін, төрт түлікке құт мекен саналатын Жамбыл өңірі ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ. Әрі әр алуан бағдарламалар арқылы агроөнеркәсіптік кешенді өркендетуге де мол мүмкіндік жасалуда. Дегенмен түйіні тарқамаған түйткілдер де жоқ емес. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте осы саладағы өзекті мәселелер қаралды.

Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары басқармаларының басшылары, «Тараз» ӘКК» акционерлік қоғамының, облыстық «Әулиеата» қызылша өсірушілер қауымдастығының, облыстық «Ынтымақ» фермерлер қауымдастығының төрағалары және іргелі агрохолдинг өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде ауылшаруашылық саласын дамытуға ерекше қолдау көрсетілуі тиіс. Себебі экономикалық өсімнің негізгі күші агросалада. Бұған дәлел ретінде, осы күнге дейін шаруалардың мемлекеттен субсидия алып, өнім көлемін ұлғайтуға күш салғанын айтсақ болады.
Басқосуда «Әулиеата» облыстық қызылша өсіру шаруашылығының төрағасы Саха Манатов өңірдегі шаруа қожалықтарының мәселесін шешу үшін облыс әкімінің бастамасымен ірі агрохолдингтер мен қауымдастықтар құрылатынын атап өтті. Сондай-ақ өнімді арттыру мақсатында шаруалар ғалымдармен тығыз байланыста жұмыс істеуге күш салатынын жеткізді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support