- Advertisement -

«Бұл лауазымға Ерлан Қыдыралыұлын лайық көрдік»

706

- Advertisement -

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданында болып, ауданның жаңа əкімін таныстырды.

– Шу ауданының қазіргі əкімі Сəкен Арубаев Жамбыл ауданында 2,5 жыл жұмыс істеді. Ол көп уақыт емес, бірақ мынадай пандемия, дағдарыс жағдайында бағалайтын болсақ аз уақыт деп айтуға келмейді. Ол ең алдымен ауданның əлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосты. Жамбыл ауданында жаман жұмыс істеген жоқ. Ал енді оған стратегиялық маңызы зор Шу ауданының əлеуметтік-экономикалық əлеуетін көтеру жауапкершілігі жүктеліп отыр, – деді аймақ басшысы.
Келесі кезекте оның орнына жаңа басшыны тағайындау үшін ұсынылған кандидаттың қабілетін зерделей келіп бір байламға тоқтағанын жеткізді. «Сəкен Қаланұлы мен аудандық мəслихаттың ұсынысын біз айналып өтіп кете алмадық. Қарап отырсақ, келесі үміткер де осал адам емес. Сенім жауапкершілігін артуға болатын азамат. Еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласында ферма зоотехнигі болып бастаған ол ферма меңгерушісі, бас зоотехник, Өрнек ауылдық округінің әкімі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін жақсы атқарған. Соңғы алты жыл көлемінде Жамбыл ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша орынбасары қызметін атқарып келді. Біз саралай келіп бұл лауазымға аудан əкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлын лайық көрдік», – деп шешімін айтты.
Жиынға қатысқан Сəкен Арубаев өз сөзінде аймақ басшысының жаңа қызметке тағайындап, үлкен жауапкершіліктің жүгін жүктеп, сенім артқанына рақметін айтты. Ал Жамбыл ауданындағы жұмысында Үкімет пен облыс əкімінің тапсырмаларын орындауда, ауданның əл-ауқатын, экономикасын, мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыруда қолдау білдірген орынбасарлары мен аудан активіне, мəслихат депутаттарына алғысын жеткізді. Ал орнына тағайындалған азаматтың жұмысына сəттілік тіледі.
Осыдан кейін Ерлан Қыдыралыұлы сөз алып, өзіне жүктелген сенімді ақтауға бар күш-жігерін салатындығын айтты.
Жиын қорытындысында облыс əкімі Бердібек Машбекұлы аудан активін ауданның жаңа əкіміне қолдау көрсетіп барлық бағытта жұмыстар өз деңгейінде орындалуы керектігін шегелей айтып, бірқатар тапсырмалар берді.

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support