- Advertisement -

Болашағымыз баянды болғай!

62

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде сұхбаты жарияланған болатын. Өз сұхбатында Мемлекет басшысы «Қаңтар оқиғасына» жан-жақты тоқталып, оны мемлекеттің тұтастығына, елдің қауіпсіздігіне жасалған қасақана әрекет деп бағалады. Сондай-ақ лаңкес топтың жағдайды өздерінің жеке мүддесіне пайдаланғысы келгендігі, төңкеріс жасауға талпынғаны жөнінде айтты. «Лаңкестердің ықпалына түскен қарапайым азаматтар өз қолымен ғимараттарды қиратып, тонап қарақшылыққа барған. Сөйтіп билікті құлатуды мақсат еткен», деді Президент.

Баршаға белгілі, мұндай жағдай Тараз қаласында да орын алды. 5 қаңтар күні облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев бастап, О.Есіркепов, Ш.Даулетбаев және осы жолдардың авторы шерушілердің алдын тоқтатып, үйлеріне қайту жөнінде кеңес берді. Бірақ екпіні басылмаған топ орталық алаңға жылжыды.
Алаңда ардагерлер дыбыс күшейткіш құрылғылар арқылы сөз сөйлеп, негізсіз шеру жасауға болмайтынын жеткізе отырып, одан да тәртіпсіздікке бармай талаптарын айтуға шақырды.
Осы күндері «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының, облыстық әкімдіктің, облыстық полиция департаментінің ғимараттары мен банк, сауда орындары тоналды, автомашиналар өртенді.
Бұзақылар өз қолымен сүйікті қаламызды талқандап, көрікті жерлерімізді қиратты. Мемлекет басшысының қолға алған реформаларына кедергі келтіруге тырысты. Бұны «төңкеріс» деуге болады.
Бірақ біз Президент Қ.К.Тоқаевтың нақты жүзеге асырып отырған әділетті қоғам орнату, саяси өзгеріс жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету реформаларын қуаттаймыз. Себебі қазақстандықтар да осыны талап етуде.
Біз жаңа заманға сай жаңа Қазақстан құру жөніндегі Президентіміздің үндеуін қолдаймыз. Қазақстанның келешегі кемел, болашағымыз баянды болғай!

Талғат Жұмабек,
облыстық ардагерлер
кеңесі жанындағы облыстық
билер кеңесі төрағасының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support