- Advertisement -

Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды

148

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ерлан Қыдыралыұлы Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Аймақ басшысы Жамбыл ауданының әлеуетін тиімді пайдаланып, өңірдің экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық саласын дамытуға барынша ден қою керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ауданның жаңа басшысына әлеуметтік мәселелерді оңынан шешу, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырып, нақты міндеттер жүктеді.

Ерлан Қыдыралыұлы 1966 жылы туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «зооинженер», Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «экономист-қаржыгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986-2002 жылдары ауыл шаруашылығы саласында ферма зоотехнигі, ферма меңгерушісі, бас зоотехник болып бастаған.

Әр жылдары, ауыл әкімі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
2016 жылдың қыркүйегінен бастап Жамбыл ауданы әкімінің ауылшаруашылығы саласы бойынша орынбасары әкімі қызметін атқарып келді

Отбасында 5 қыз өсіріп, тәрбиелеуде.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support