- Advertisement -

Қордайда төрт адамды өлтірген күдікті ұсталды

522

- Advertisement -

Алматы облысында 2020 жылдың 7 ақпанында Қордай ауданы Масанчи ауылында төрт адамды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті департаменті бастығының орынбасары Дәурен Қозыбақов мәлім етті

Оның айтуынша, ұсталған азамат халықаралық іздеуде болған.

Алматы облысында 2020 жылдың 7 ақпанында Қордай ауданы Масанчи ауылында бір топ адамда 4 адамды аңшы мылтығынан атып өлтірген халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығының орынбасары Дәурен Қозыбақов.

Сондай-ақ ол МР-27ЕМ-1С 12 калибрлі аңшы мылтығы алынғанын айтты.

Еске салайық, Жамбыл облысы Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік 8 ақпанға қараған түні болған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тәртіпсіздікке жолдағы жанжал себеп болған.

Тәртіпсіздік салдарынан 30-дан астам жеке тұрғын үй, 15 сауда нысаны мен 23 автокөлік зардап шекті. 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшы мылтығы тәркіленді.

zakon.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support