Н. Назарбаев Л. Кучмамен Украинадағы ахуалға қатысты пікір алмасты
Н. Назарбаев Л. Кучмамен Украинадағы ахуалға қатысты пікір алмасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның экс-Президенті Леонид Кучманы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында Украинадағы ахуалға қатысты пікір алмасылды.
Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы ежелден қалыптасқан достық қарым-қатынас өзара тиімді серіктестік негізде дамығанын атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.
Өз кезегінде Л.Кучма Қазақстан мен Украинаның түрлі салалардағы қарым-қатынастарын бұдан әрі дамытудың маңыздылығын атай отырып, екі елдің арасындағы өзара іс-қимыл жаңа деңгейге шығатынына сенім білдірді.