- Advertisement -

Ғасыр жасаған басылымға құрмет көрсетті

67

- Advertisement -

Тасқа басылған бір ғасырлық тарихы бар «Aq jol» газеті барша оқырман үшін де бағалы деп ойлаймыз. Бұл газет өз тарихында талай тұлғаларға тұғыр болуымен де ерекше.

Жуалы ауданындағы №29 орта мектебінде облыс баспасөзінің қарашаңырағы «Aq jol» газетінің 100 жылдық мерейтойы құрметіне және биылғы Балалар жылына орай балалар тақырыбына қалам тартып жүрген қаламгер, әріптесіміз Марат Құлибаевпен «Баланың жанын зерттеген» атты кездесу кеші өтті. Білім ордасының мәжіліс залында «Aq jol» газетіне арналып арнайы бұрыш жасалыпты. Ол жерден басылымның сарғайған тігінділерін, «Атпал – Ақ жол» жинақ кітаптарын, Жуалы ауданы бойынша шыққан ерекше маңызды мақалаларды көзіміз шалды.
Жиынды орта мектеп директорының міндетін атқарушы Бағдат Исаев ашып, ғасырлық тарихы бар «Aq jol» газетінің шежірелі тарихына тоқталып, бір кездері осы басылымды басқарған, жуалылық азамат, марқұм Мақұлбек Рысдәулеттің қаламгерлік, адамгершілік қасиеттеріне де тоқталып, бүгінгі таңда 100 жасқа толған газетте еңбек етіп жүрген Марат Құлибаевтың шығармашылығына табыс тіледі. Мұнан соң мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Үміт Ордабаева көпшілікті «Aq jol» газетіне арналған бұрышпен, Әйгерім Төлебаева кеш иесі Марат Құлибайұлының кітап көрмесімен таныстырды. Қаламгердің «Мейірім», «Қолқанат» жинақтары ел назарын аударды.
Кеш барысында Марат Құлибаев өзінің шығармашылыққа келу жолын, балалар тақырыбына қалам тербеудің қиындықтары мен қызықтары туралы толғана сыр шертті. Тіпті, алғашқы әңгімелері өзінің қарындасына арналғанын, соның және өз балаларының тәтті қылықтарын қоса отырып, әңгімелер жазғанын да айтып өтті. Оқушылардың түрлі сауалдарына жауап берді. Қаламгер алдағы шығармашылық жоспарларымен де бөлісті. Мұнан соң аудандық аналар кеңесінің төрағасы Жанна Серғазина жаңаша түрленіп шығып жатқан «Aq jol» газетіне алғыс айтып, Марат Құлибаевтың шығармашылық жұмысына сәттілік тіледі.
Жиын соңында мектеп директорының міндетін атқарушы Б.Исаев кеш иесі қаламгер Марат Құлибаевтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Жуалы ауданы.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support