Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
Медицина мен физиология саласындағы биылғы Нобель сыйлығы британ-америкалық нейробиолог Джон О’Киф пен оның норвегиялық әріптестері ерлі-зайыпты Эдвард пен Май-Бритт Мосерге бұйырды. Олар адамның кеңістіктегі бағдар алуына жауап беретін ми жасушаларымен жұмыс істеген болатын. Нобель қорының өкілдері хабарлағандай, О’Киф өзінің ғылыми жаңалығында кеңістікте адамның бағдар алуы үшін миы қалайша «карта сызатынын» көрсеткен. Ерлі-зайыпты Мосерлер Норвегияның Тронхейм қаласындағы ғылым және технология университетінде еңбек етсе, Джон О’Киф Лондондағы университеттік колледждің ғалымы.