Былтыр ақылы автожолдардан 8 млрд теңгеден астам қаржы түсті

64

Былтыр еліміздегі ақылы автомобиль жолдарынан түскен қаражат көлемі 8,1 млрд теңгені құрады.

Жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: «Нұр-Сұлтан — Теміртау», «Нұр-Сұлтан — Щучинск», «Алматы — Қапшағай» және «Алматы — Қорғас» республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд теңге түсті.

Сонымен қатар елімізде өткен жылдың 23-қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шеккарасы», «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңге түсті.

Жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталмақ.

Comments are closed.