- Advertisement -

«Бір жарым жылдан бері тиісті талдау жұмыстары жүргізілмеген»

242

- Advertisement -

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысы көңіл көншітпейді. Кеше «Тараз» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрғали Көрпетаевтың есебін тыңдаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді.

Аймақ басшысы басы жақсы басталған пилоттық жобаның жүйесіз қалуы, сол мақсатта бөлінген қаржыны жұмсаудағы олқылықтардың орын алуы сияқты келеңсіздіктерді сынға алды.

– «Тараз» ӘКК» АҚ-ның негізгі мақсаты – инвестиция тарту. 10 аудандағы өкілдеріңіз бұл үдеден шықпақ түгілі негізсіз жалақы алып келген. Ал пилоттық жоба аясында бұған дейін облыс бойынша 11 ауылдық округке 45 мың бас мал әкелінген. Бүгінде солардың нақты саны қанша?

Пилоттық жоба аясында жұмыссыздардың саны азайды ма? Бір жарым жылдан бері тиісті талдау жұмыстары жүргізілмеген, – деді Б.Сапарбаев.

Қазіргі таңда кейбір әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының шекті деңгейден асып кетуіәлеуметтің алаңдаушылығын тудыруда.

Облыс әкімі бұл тұрғыда бағаларды бақылап отыру, корпорацияның жұмысын ұтымды үйлестіру, инвестиция тарту, қолға алынған жобалардың нәтижелері бойынша нақты талдаулар жүргізу және тағы да басқа мәселелерге айрықша тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support