Автокөлікті үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады

16

Цифрлық технологиялар қарыштап дамыған сайын тұрмысқа қажетті процестер де едәуір жеңілдей түсуде. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеуге де көп көмегін тигізуде. Мысалы, қазір сатып алған көлігіңізді қайта рәсімдеу үшін «Kaspi.kz» қосымшасын тиімді пайдалана білсеңіз болғаны. Ол үшін сіз жеке көлікті сатушы тараппен келісе отырып қосымшадағы бірнеше батырманы ғана бассаңыз жеткілікті.

Бұл түрғыда сатушы «Kaspi.kz» қосымшасына кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен «Автокөлікті қайта рәсімдеу» қызметін таңдау қажет. Әрі қарай көлікті тіркеуден шығару батырмасын басып, сатып алушының деректері мен көлік құнын көрсету қажет. Егер сатушы өзінің атына қалдырғысы келсе, тиісті жерге белгі қою керек. Бұдан кейін өтінімге Kaspi электрондық қолтаңбасы қойылады. Содан кейін «Көлікті тіркеуден шығарылды» деген SMS-хабарлама келіп түседі.

Ал сатып алушы: «Автокөлікті тіркеуге қою» қызметін таңдап, сатып алу сомасын енгізе отырып, көлік туралы мәліметтерін растауы тиіс. Мемлекеттік номер мен техпаспортты алып кететін мамандандырылған ХҚО-ның мекенжайын көрсетеді.

Рәсімдеу процесі өтінімге қол қою мен қажетті баж алымдарын төлеумен аяқталады. Көліктің тіркелгені жайлы хабар Kaspi қосымшасына үш сағаттың ішінде келеді. Ескерте кетер жайт, рәсімдеуді бастамас бұрын Kaspi электрондық қолтаңбасын алдын ала алғаныңыз жөн.

Әбілқайыр АЙТБАЙ,

Тараз қалалық мамандандырылған

халыққа қызмет көрсету бөлімінің маманы.

Comments are closed.