Әскерилер ант қабылдады
Әскерилер ант қабылдады
«Сіздер бүгін өздеріңіздің ар-намыстарыңыздың алдында әскери Ант беріп, азаматтық борыштарыңызды танытқалы отырсыздар. Кеңестер Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген сөзі бар. Ұлттық ұлан сарбаздарының антына қашанда адал екенін біз білеміз. Кешегі «Қаңтар оқиғасы» кезінде де сіздер өздеріңіздің міндеттеріңізге адал екендіктеріңізді көрсеттіңіздер», – деді облыс әкімінің орынбасары. Келесі кезекте ҚР Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Талапкер Әміреев жас сарбаздарды құттықтап, сәттілік тіледі. Ал 5513 әскери бөлімінің командирі, полковник Дәурен Жағыпаров сарбаздардың сапқа тұрғызылғанын, қанша сарбаз Ант бергелі тұрғанын айтып өтті. Өткен жылдың соңында мұнда 392 сарбаз шақырылған екен. Сарбаздар салтанатты түрде Ант қабылдады.