Саясат

Елбасы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болды

Елбасы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болды

Қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаған Мемлекет басшысы мұның мұсылмандар үшін ең маңызды мейрам екенін айтты. – Әрбір отбасына жақсылық пен бақыт нәсіп болып, азаматтарымыздың Отанға деген  сүйіспеншілігі арта берсін, Қазақстанның тәуелсіздігі мәңгілік болсын, – деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев елімізде шамамен 2,5 мың мешіт бар екенін, оларға қазақстандықтардың, соның ішінде жастардың көптеп баратынына тоқталды.   – Сенімнің – таза, ал адамдардың жүрегі ашық болғаны маңызды. Мешітке жай әншейін емес, жақсылықты, татулық пен бірлікті ниет еткен шынайы тілекпен келу керек. Сонда ғана біздің еліміз өркендейді, ал жастарды жақсы болашақ күтеді, – деді Мемлекет басшысы.Соңында Нұрсұлтан Назарбаев отандастарымызды Құрбан айтпен тағы бір рет құттықтап, Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

 «Ақ жол-Ақпарат».