Үздіктер марапатталды

44

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы – 2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Бұл байқауда еліміздің 76 жоғары оқу орнынан 718 үміткер қатысып, солардың ішінен 45-інің 150 оқытушысы үздік атанған болатын. Үздіктер қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің екі оқытушысы, жас ғалымдар Арман Қабдушев пен Маржан Қалмаханова бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен салтанатты шарада Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен жылы конкурсқа түскен жұмыстар сапасы әлдеқайда жоғары болғанын, орташа көрсеткіш 15-20 балға өскенін атап өтті.

Бұл оқытушылар құрамы мен жалпы білім беру сапасының өсіп келе жатқанын көрсетеді. Білім беру бағдарламаларын жаңарту бағытында да жақсы динамика бар. Елімізде жақсы білім сапасын көрсететін жоғары оқу орындары көп. Біз мұны мақтан тұтуымыз керек. Бүгінде мемлекет білім беру сапасын арттыру, ғылымды қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, – деді министр.

«Aq jol» — Aqparat

Comments are closed.