- Advertisement -

Өткен жылы экономикалық өсім 105,8 пайызды құрады

53

- Advertisement -

Жамбыл облысында өткен жылы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары толығымен орындалып, мемлекеттік бағдарламалардың аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде экономиалық өсім 105,8 пайызды құрады. Бұл туралы  облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды.

Облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма және департамент басшылары, қала, аудан, ауылдық округ әкімдері қатысқан басқосуда 2021 жылдың қорытындысы қаралып, алдағы міндеттер нақтыланды.

— Мемлекет басшысының қолдауымен біз өткен жылы алдыңғы жылмен, республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда барлық бағыттарда өсім қамтамасыз еттік.  Өнеркәсіп өндірісінің көлемі  622,5 миллиард теңгені құраса, 400 миллиардтан астам инвестиция тартылды.

Атқарылған жұмыс аз емес, дегенмен кеткен кемшіліктер мен олқылықтарды саралап, олардан сабақ алуымыз керек.

Қаңтар оқиғаларының салдарын жою бойынша жүйелі жұмыс жасап, алдағы уақытта ондайға жол бермес үшін  Ел Президенті жүктеген барлық міндеттердің жүзеге асуы бақылауда болады.

Жастар тәрбиесі, қоғамдық тәртіпке баса көңіл бөлу қажет. Жаңадан құрылған «Қоғамдық қабылдау» жұмысында нәтижелі ұйымдастыру маңызды,-деді Б. Сапарбаев.

Бұдан соң баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет өткен жылы  704,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін жеткізді. 76 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қолға алынып, оның 41-і тапсырылды.  Бұдан бөлек, аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында мұқтаж отбасыларға 2020 жылы 99 үй, 2021 жылы 134 үй салынып берілген.

— Геопартал жүйесін енгізуді жеделдетіңіздер. Әрбір елді мекеннің жеке паспортын жасап, бос жер, жайылымдарды анықтау бойынша жұмыстарды аяқсыз қалдырмаңыздар. Бұл мәселені айтып келе жатқанымызға біраз уақыт болса да, түбегейлі нәтиже қол жеткізген жоқпыз. Жайылым, суармалы су халықтың көңіл-күйіне әсер етуші негізгі факторлар.

Кейбір елді мекендерге газ тартылғанымен, ол ауылдағы әлеуметтік нысандар әлі күнге көмір жағып отыр. Бұл осы бағытта бақылаудың нашар екенін көрсетеді.

Мемлекет қаржысын тиімді жұмсау үшінбірыңғай жобалық-сметалық құжаттарды дайындау керек,-деді Б. Сапарбаев.

Аймақ басшысы, жұмыстың нәтижелігіне назар аударып, ауылдық округ әкімдерінің, учаскелік полиция инспектерларының өздері жұмыс істейтін ауылдарда тұру керектігін тағы бір ескертті.

Облыс әкімі Еуропалық қайта құру және дамыту банкімен ирригациялық жүйелерді тазалау бойынша жүзеге асып жатқан жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы бойынша жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, егінге қажетті су каналдарын асар әдісімен тазалау шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыруды міндеттеді. Егерде, тапсырмалар орындалмаған жағдайда жауапты орынбасар мен тиісті аудан әкімдері, «Қазсушар» мекемесінің басшысына қатаң жауапкершілік болатынын ескертті.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек өткен жылы 22 жаңа мектеп пайдалануға берілгенін, 4 мектептің қосымша ғимаратының құрылысы жүзеге асқанын айтты.Сонымен қатар, 16 білім нысаны күрделі жөндеуден өткен. Денсаулық сақтау саласында 8 нысанның құрылысы, 6 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары атқарылған.

Салаға жауапты орынбасар қоғамдық келісім, мәдени-рухани дамыту бағытында ұйымдастырылған, қолға алынған ауқымды шараларды атап өтті.

Басқосуда өзге де бірқатар басқарма басшылары есеп беріп, жұмысы сылбыр аудан және ауылдық округі әкімдерінен жауаптар алынды.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков шағын орта бизнестегі қызметкерлердің айлығын көтеру қажеттігін айтты.

– Жалпы, былтыр атқарылған жұмыс ауқымды. Бірақ, біздің әлеуетіміз одан да жоғары. Сондықтан жұмыс қарқының арттыруға барынша күш салу керекпіз. Басты талап – мемлекеттік бағадарламалардың мүмкіншілігін тиімді пайдаланып, халықтың тұрмысын жақсарту. Қосымша қаржы көздерін қарастырып, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік мәселелерді уақытылы шешу маңызды. Инвестиция тарту ісіне айрықша көңіл бөлінеді. Мен ірі кәсіпорын ұжымдарымен жиі кездесіп, олардың басшыларына жұмысшылардың айлығын көтеру туралы айтып келемін. Бұл ретте шағын және орта бизнес өкілдері де қызметкерлерінің жалақысын арттыру шараларын қабылдау керек. Оларда еңбек ететін халықтың үлесі аз емес,-деген облыс әкімі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары бақылауда болатынын, қоғамдық тәртіп пен ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойылатынын атап өтті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support