- Advertisement -

Меркі ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды

119

- Advertisement -

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асырып, арнайы іс-шара жүргізу барысында Шу ауданының «Бестаз» құмды аймағында Меркі ауданының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Жақын маңдағы аумақты тексеру барысында жалпы салмағы 1 келі 215 грамм «гашиш» есірткі құралы бар полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді.

Тыйым салынған есірткі заты әрі қарай сатуға ыңғайлы болу үшін 74 дана «шайбы» түрінде оралған. Оның бір данасының өзі 20 дозаға есептелген.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы бапқа сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жамбыл облыстық полиция департаменті

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support