- Advertisement -

Емхана базасынан алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы ашылды

193

- Advertisement -

Бүгін «Ақбұлақ» ықшам ауданында  Тараз қалалық №2 емхана базасында 30 келушіге арналған  алғашқы   медициналық-санитарлық көмек орталығы ашылды.

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) медициналық көмек көрсету жүйесінің негізі болып табылады және аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту, жүктіліктің барысын бақылау, саламатты өмір салтын қалыптастыру және халықты санитариялық-гигиеналық ағарту жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қолжетімді әрі сапалы қамтамасыз ету денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру кезінде басымдық болуға тиіс.

Тұрғындардың бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жақын жерден алуын қамтамасыз ету мақсатында  ашылып, «Ақбұлақ» және «Қаратау» ықшам аудандарында тұратын 15 мыңға жуық тұрғынға медициналық көмекті қолжетімді етуге  арналған орталықта халыққа ауруды анықтаудан бастап, күндізгі сстационарда емделуге дейінгі қызметтер көрсетілетін болады.

Медициналық орталықтың ашылу  салтанатына келіп, лента қию рәсімін жасаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев: «Денсаулық сақтау саласындағы басты бағыт – алғашқы   медициналық-санитарлық көмек көрсету. Халықтың ең бірінші жүгінетін орны — емхана. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасына сәйкес, қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ашылған   емхана медицина қызметкерлеріне артылған  жүктемені біршама  төмендетуге мүмкіндік береді және үлкен кезектерді жоюды, сондай-ақ пациенттерге қысқа мерзімде кәсіби медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етпекші» — деді.

Орталықты аралап көрген басқарма басшысы №2 қалалық емханасының бас дәрігері Жеңіс Тойшыбековаға жұмыстың жүргізілуі бойынша бірқатар нақты тапсырмалар  беріп, алдағы атқарылар тірліктеріне сәттілік тіледі.

Жеке үш қабатты ғимаратта орналасқан алғашқы   медициналық-санитарлық көмек орталығында 11 дәрігер, 33 мейірбике тұрғындарға қызмет көрсетеді және онда  процедуралық, вакцинация, алғашқы жәрдем және емдеу кабинеттері бар. Олардың барлығы қажетті медициналық құралдармен  жабдықталған.

Қолжетімділік мақсатында Ақбұлақ-БМСК орталығында төмендегі қызметтер көрсетіледі:

— СӨС кабинеті (салауатты өмір салты)

— физиотерапия және массаж кабинеті

— күндізгі стационар (5 төсек)

— егу кабинеті

— емшара кабинеті

— зертхана  кабинеті

— дәрігерге дейінгі кабинет

— шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған кабинет ТРИАЖ жүйе

— ерлер және әйелдер қарау кабинеттері

— скрининг кабинеті

— сүзгі кабинеті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support