- Advertisement -

Бейжің-2022: Қазақстандық конькишілер жаттығуға кірісті

230

- Advertisement -

Бүгін Бейжіңде Қазақстандық конькишілер Олимпиада ойындары алдындағы жаттығуларын бастады.

Қазақстан Ұлттық олимпидалық комитеті мәлім еткендей, спортшылар Олимпиадада жарыстар өтетін Ұлттық коньки тебу стадионында жаттығып жатыр.

Олимпиадада конькимен жүгіруден Қазақстан намысын Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Иван Аржаников және Денис Кузин қорғайды. Ерлер арасында Денис Кузин мен Иван Аржаников екеуі де 1000 метрге жарысудан сынға түседі.

Сондай-ақ Аржаников 500 метрге, Дмитрий Морозов 1500 метрі мен масс-старттан өз бақтарын сынап көреді.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Надежда Морозова 1000, 1500, 3000 метрге жүгірумен масс-старттан ел намысын қорғаса, Екатерина Айдова 500, 1000 және 1500 метрде жүгіруден сынға түседі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support