Жаңалықтар

Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударды

Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударды

Қоғам қайраткері, меценат Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 10 миллиард теңге аударды, деп хабарлайды «Aq jol» - Aqparat. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтарда ҚР Парламентінде  берілген тапсырмасы бойынша 15 қаңтарда құрылды. Қор қаражаты азаматтардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мәселелерін шешуге бағытталады. Бұдан басқа, қор балалар және халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж жандар үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру және дамыту бойынша жобаларға қатысады. Қор қызметінің тағы бір басым бағыты Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсететін болады.