- Advertisement -

Ерлан Қиясов қызметінен кетті

112

- Advertisement -

Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметінен босатылды.

Ол бұл қызметте 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы жедел жәрдем ауруханасының терапия бөлімшесінің санитары болып бастады. 1997-1999 жылдары — Алматы әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитария дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болды.

1999 жылдан 2020 жылға дейін Президент іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында — санитариялық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитария дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры және басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support