- Advertisement -

Дизель отынының литрі – 230, «АИ-95» – 215 теңге

178

- Advertisement -

Облыс басшылығы тарапынан бағаны бақылауда ұстау тиісті басқармалар мен мекемелерге қатаң тапсырылған. Халық үшін бұл аса маңызды мәселе Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің де жіті бақылауында. Әсіресе жанар-жағармай, газ бағасы көтерілсе, азық-түліктен бастап, басқа да тауарлардың бағасы аспандап кетеді.

Сондықтан да осы мәселені реттеудің маңызы зор. Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне қарағана, биыл 5 қаңтардан бастап, газдың бағасы халықтың қалтасы көтеретіндей арзандапты.
Бүгінде облыс аумағында 264 жанар-жағармай құю бекеті болса, соның ішінде 169-ында автогаз құю қондырғылары орналасқан. Биылғы қаңтарда дизель отынының бағасы 230-235 теңгені, «АИ-92» маркалы бензиннің бағасы 182 теңгені, ал сұйытылған мұнай газының бағасы 98-105 теңгені құраған болатын. 5 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің №1 бұйрығына сәйкес, облыс орталығы Тараз қаласымен оған жақын аудандардағы автогаз толтыру бекеттерінде сұйытылған мұнай газының 1 литр бағасы 60 теңге, Сарысу, Қордай, Шу және Мойынқұм аудандарындағы 200 километрден асатын бекеттерде 65 теңгені құраған.
Бұдан бөлек, Энергетика министрлігінің 6 қаңтардағы №1 бұйрығымен мемлекеттік реттеуге жататын жанар-жағармай өнімдерінің тізбесі, ал №2 бұйрығымен жанар-жағармайдың шекті бағалары мынадай болып бекітіліпті. Дизель отынының литрі – 230, «АИ-95» маркалы бензин – 215, «АИ-92» маркалы бензин – 182 теңге.
Бұл ретте, басқарма тарапынан облыстағы сұйытылған мұнай газын және жанар-жағармайды бөлшек саудада өткізетін мекеме басшыларының қатысуымен бірнеше рет арнайы жиындар ұйымдастырылып, оларға заңнама талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Бүгінгі күні басқарма тарапынан жанар-жағармай құю бекеттеріндегі баға күнделікті бақылауда. Жанар-жағармай құю бекеттерінің басшылары газ және жанар-жағармай бағаларын шекті көлемінен асырған жағдайда, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті тарапынан тиісті шаралар қолданылатын көрінеді.

Амангелді ӘБІЛ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support