1049 адам босатылды
1049 адам босатылды
БАС ПРОКУРАТУРА ХАБАРЛАЙДЫ
Бас прокуратураның Бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов бүгінгі күні соттар «Қаңтар оқиғасына» байланысты 9257 әкімшілік істі қарағанын мәлімдеді. Оның ішінде: – 4584 адамға ескерту жасалды; – прокурорлардың өтініштері бойынша қамауға алудан 1049 адам босатылды; – 577 іс бойынша айыппұлдар ескертулерге ауыстырылды; – 393 қылмыстық іс құрамы болмауына байланысты толығымен тоқтатылды; – сотпен әкімшілік қамауға алынған 3314 тұлғаның ішінен бүгінгі күні тек 63-і қамауда қалды.